ҚАЛА ӘКІМІ «ШЫМКЕНТ ҚҰС» ФАБРИКАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

2071
Жарты ғасырдан астам уақыт Оңтүстік халқын сапалы жұмыртқалармен қамтамасыз етіп келетін «Шымкент құс» фабрикасының жұмысымен бүгін қала әкімі Ерлан Айтаханов арнайы барып танысты. 
Бүгінде елімізде құс етіне деген сұраныстың артып отырғанына тоқталған қала басшысы  Қазақстан нарығындағы құс өнімдерінің жартысы сырттан жеткізілетінін атап өтті. Сондықтан, импортқа тәуелділікті барынша қысқартып, отандық өнімдерге деген сұранысты арттыру керектігін айтты.
Бұл кәсіпорын Шымкент қаласындағы  бройлерлік бағыттағы бірден-бір құс фабрикасы болып табылады. Сағатына екі мың бас, жылына 2000 тонна бройлер етін шығаратын цех Ресейдің озық технологиясымен жабдықталған.
Бүгінде «Шымкент құс» фабрикасында 563 мың бас құс өсірілсе, жылына 100 млн дана жұмыртқа өндіріледі. Кәсіпорында жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Фабрикада жалпы 300-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі