Су шаруашылығы қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

1753
9-шілде -Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні. «Су ресурстары және Маркертинг» серіктестігі ұжымын кәсіби мерекелерімен қала мәслихаты хатшысы, әкімдіктің өкілдері, депутаттар құттықтады.
Мерекелі жиында сала министрлігінің арнайы хаты да көпшілікке таныстырылды Шымкенттіктерді сапалы ауыз сумен 24 сағат бойы қамтып отырған мекеменің басшысы Анарбек Орман да толағай жетістіктерге жеткен қызметкерлерге алғысын жеткізді.
Мерекелік іс-шарада 15 номинация бойынша ұйымдастырылған кәсіби байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Олардың арасында диспетчерлер, лаборанттар, контролерлар, шеберлер, слесарь және дәнекерлеушілер бар. Тұрғындармен тікелей жұмыс жасайтын инспектор Досбол Айдаршаев еңбегі еленгеніне риза.
Су шаруашылығы қызметкерлерінің құрметіне оқушылар сарайының ұжымы керемет бағдарлама әзірлепті. Мерекелік тарту тіршілік нәрі судың құндылығы мен оны халыққа жеткізуде аянбай етіп жүрген сала мамандарына арналды.
Дереккөз:kz.otyrar.kz