Рухани құндылықтарды бағалай білудегі мектеп пен отбасының ынтымақтастығы

449

Шымкент — жастар қаласы. Бүгінгі бүлдіршіндер — ертеңгі жастар, ертеңгі ел болашағы. Осы орайда, мектеп жасынан бастап, балалардың тәрбиесіне назар аударған жөн. Осы жастар — ертеңгі Шымкент қаласын, елімізді көркейтуде аянбай еңбек ететін болашағымыз.

Рухани адамгершік тәрбие – белгілі бір мақсатқа қол жеткізе білетін мақсатты, жүйелі, ұлттық көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез- құлықтағы адами тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жалпы азамзаттық тәрбиенің құрамдас бөлігі. Адамгершілік тәрбиенің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, рухани негізде жеке адамның жан- жақты дамып жетілуіне бағытталған.

Жастар – қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капиталы ретінде, бүгінгі қабылданып жатқан стратегиялық мақсаттардың ертеңгі жүзеге асырушысы бола ала ма? Нақтылап айтқанда, жастардың әлеуметтену үдерісі дұрыс бағыт алып отыр ма? Әсіресе, қазіргі кездегідей, адамдар арасындағы қатыгездік, жеккөрушілік сынды және тағы да басқа қоғамға жат қылықтар үстемдік етіп отырған жағдайда адамдарға арнайы кәсіби көмек көрсететін мамандардың қажеттілігі артуда. Мұндай қажеттілік бүгінде қоғамда болып жатқан өзгеріс заттық өндірісті тек ғылыми-техникалық тұрғыдан қайта құрумен ғана емес, сонымен бірге сол еңбектің өзіне жаңа мазмұн беру, ол үшін оған жаңа адамды даярлау үдерісімен де байланысты болып отыр. Ол әрбір адамның әртүрлі әлеуметтік, техникалық үдерістерді шығармашылықпен, белсенділікпен ұйымдастыру және оларды жүзеге асыру. Мақсаты: жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін: оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру; жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту; ана тілі мен дінін , оның тарихын, мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін, рухани-мәдени мұраларды қастерлеу; жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру. Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелік жолдарына негізделеді. Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу – тәрбие үрдісінде адамның рухани мәдениетін қалыптастыру. Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зертеп, дамыту.

Салт–дәстүрлер негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескеру, рухани адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық шарттары: оқушылар бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту; мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу; өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан адамдардың өмірі мен қызметін білу; мектепте өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл , мектеп) тарихын насихаттау мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру; оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін қалыптастыру; оқушылардың мінез- құлықтарымен жүріс тұрыстарын заң талабына сай қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу; оқушылардың өзін- өзі тәрбилеуіне басшылық жасау.

Рухани дүниесі бай, қажеттіліктері мен қызығушылықтары, талғамы, ой-өрісі кең адамдарды толық қалыптасқан, мінезі тұрақты адам дейміз. Мінездің тұрақтылығы адамның рухани-адамгершілік түсініктерінен туындайды. Түйіндей келе, адамгершілік тәрбиесі – бұл адамның туғаннан басталатын және өмір бойы жалғасатын, адамдардың мінез- құлық нормаларын игеруіне бағытталған үздіксіз үрдіс. Оның мазмұны оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу шеңберінде дамиды. Оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктері. Әлемнің тұтастығын, адамның, қоғамның және табиғаттың бірлігі және өзара тәуелділігі; адамның, оның өмірінің және абыройы мен қадір-қасиетін, құқықтары мен бостандықтарының құндылықтарын, жалпы адамзаттық құндылықтарға жақындығын көрсетуді; қоғамдағы өзінің орны және неге арналғандығын, өзін-өзі мейлінше толық шығармашылық жүзеге асыру қажеттілігі; өмірдегі адами қарым-қатынастар құндылығын (отбасы, махаббат, достық) терең үйретіп, олардың танымдық белсенділігін, адамгершілік сапаларын дамытуға негіз болады. Ізгілік отбасынан бастау алады, оған ата- ананың берген тәрбиесі, тұрмысы ықпал етеді. Халықтық мақал «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» адамгершілік тәрбиенің негізгі отбасында қалыптасатынын көрсетуде. Халық, жанұя құндылықтарын ауызша халық шығармашылығы арқылы тапсырады, мысалы, аңыз ертегілерді, ырымдарды, салттарды қолданады, дін арқылы, әртүрлі қоғамдық ұйымдар арқылы. Халық ауыз әдебиеті адамгершілік эстетикалық тәрбие беруде баланың ой- өрісін дамытады. Олардың тіл байлығы және шексіз шешендік мүмкіндіктерін арттырады.

Білім беру жүйесі тұлғаның рухани дамуына жоғары деңгейде кепіл бола алмайды, өйткені тәрбие – бұл күнделікті өмірдегі адамның әрбір адамға деген құрметі мен сыйластығы негізіндегі басқа адамдарға деген қарым – қатынасын анықтайтын тұлғаның сапасы. Дана Абай: – Ақпейіл және ықыласты жүрек адамды жетелеуі тиісті, сонда ғана оның еңбегі және табыстылығы ерекше мәнге ие болады. Адам болып дүниеге келу жеңіл, бірақ адам болу қиын,- деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қалыптасады. Қорыта айтқанда, тәуелсіз еліміздің төл перзенттері рухани-адамгершілік құндылықтарды меңгерген, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуда құзыреттілік таныта алатын, бәсекелестікке қабілетті, жан мен тән үйлесімдігін сезіне алатын саламатты тұлға болып қалыптасуы тиіс. Осындай ізгі мақсатқа құрылған игі істің болашағы да зор болары сөзсіз.

Ә.ЕСТЕМИРОВА