«ЖАНҒА ЖЫЛУ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

883

Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен және «Самұрық-Қазына» АҚ-ның ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- ГП Шымкент бөлімі филалының қолдауымен «Игі марафоны» жобасының «Жанға жылу» акциясы аясында еріктілер тыл еңбек ардагерлеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.

Азық-түлік себеттеріне негізінен жалғызбасты қарт зейнеткерлер, әлеуметік аз қамтылған отбасылар мұқтаж.

Қала тұрғындары мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік жеткізіп, белсенділік танытуда. Шымкенттің кейбір тұрғындарына азық-түлік себеті, кеңес беру секілді көмек қажет. Еріктілер мұндай мекенжайларды тұрақты назарына алады.

Осылайша, бүгін еріктілер қалада жүйелі негізде көмек көрсетілетін жалғызбасты зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылар тұратын мекенжайға барып қайтты.

Шымкентте акциялар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізіледі.