ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАС РЕЖИССЕРЛАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

592
2021 жылдың 12 тамыз – 15 қыркүйек аралығында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай SHYMKENT NOMAD FILM FEST қысқаметражды фильмдер фестивальі өтетінін хабарлаймыз
Байқауға қаладағы 14 пен 29 жасқа дейінгі жас режиссерлар қатыса алады.
Байқау :
1. Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны;
2. Волонтерлікті насихаттау;
3. Мотивациялық бағытта;
4. Спорт саласын насихаттау;
5. Отбасы құндылықтарын насихаттау;
6. Әлеуметтік тақырып бағыттарында түсірілуі қажет.
Аталған байқау 3 кезеңнен тұрады:
1-кезең: 12-22 тамыз байқауға қатысушы үміткерлерді тіркеу;
2-кезең: 10 қыркүйек – дайын кинофильмді ұсыну;
3-кезең: 11-15 қыркүйек аралығы фильмдердің тұсаукесері және марапаттау рәсімі өткізіледі.
Тіркелу үшін: kinofest2021@mail.ru электронды почтасы арқылы немесе  8702-750-19-31 номеріне хабарласуға болады.
Ескерту: құжаттар онлайн түрде жоғарыда көрсетілген эл.почта арқылы қабылданады.