Кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Жапонияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тацухико Касаи мен Kawasaki мен Marubeni компаниясының өкілдерін қабылдады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, Жапония – Қазақстан үшін, соның ішінде Түркістан облысы үшін маңызды стратегия серіктесінің бірі.
Түркістан облысы мен Жапония арасында өзара тиімді өндіріс, сауда-экономика және инвестиция ынтымақтастығын арттыру үшін үлкен перспектива бар екеніне сенімдімін. Бірлескен жобаларды іске асыруға толық қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді ол.