Шымкентте Digital Kazakhstan 2026 ұлттық технологиялық форумы өтті

51

Шымкентте Ұлттық банк өкілдері және сала сарапшыларының қатысуымен Digital Kazakhstan 2026 ұлттық технологиялық форумы өтті. Форумды “Цифрландыру – Қазақстан экономикасын дамытудың негізі” атты негізгі панельдік сессия ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл дискуссияға Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, Freedom Holding Corp. компаниясының басшысы Тимур Турлов, қаржы секторы мен реттеушілердің өкілдері, Ұлттық банк сарапшылары және басқа да қатысушылар қатысты. Freedom холдингінің спикері қазір бизнестің жаңа мүмкіндіктер бар жерлерде дамуға ұмтылатынын, сондай-ақ аймақтар өсудің негізгі бағыттарының бірі екенін айтты.

“Цифрлық өнімдердің артықшылығы – оларды елдің бүкіл тұрғындары қай аймақта тұратынына қарамастан пайдалана алуы. Біздің 5 миллион клиенті бар базамызда соңғы 12-18 айда жиналған қолданушылардың басым бөлігі әртүрлі аймақтан. Қазір біз аймақтарда азық-түлік жеткізу қызметін құра бастадық. Қарағандыда бұл қызмет бар, енді Шымкентте азық-түлік жеткізу қызметі пайда болады. Қазір сұраныс өте жоғары, мысалы, Қарағандыда 6 ай ішінде біз Алматыда 3 жыл ішінде тіркелген көрсеткішке жеттік”, – дейді Freedom Holding Corp. компаниясының Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.

“Қаржы секторында цифрландыру” атты сессияға Freedom Bank басқарма төрағасының кеңесшісі Айнұр Темірханқызы қатысты. Кездесуде спикерлер цифрлық технологиялардың әсері мен қаржы саласының трансформациясын талқылады. Ұлттық банк, реттеуші органдар, халықаралық төлем жүйелері мен банктердің өкілдерінен тұратын сарапшылар финтехтің дамуы, AI шешімдерін енгізу, цифрлық банктер, ашық API және қаржы секторындағы жаңа бизнес-модельдер туралы пікір алмасты.

“Біз AI технологиясын комплаенс жүйесіне белсенді енгізіп жатырмыз, оны қолмен жасалатын процесінен интеллектуалды жүйеге айналдырып отырмыз. ЖИ ассистент операцияларды қадағалайды: құжаттарды сұрайды, тексерулер жүргізеді және қызметкердің қатысуынсыз-ақ жүйелі шешімдер қабылдайды. Сонымен қатар жүйе операция кезінде ғана емес, клиенттің цифрлық профилін қалыптастырады және транзакциялар, мінез-құлық пен өзара байланыстарды үнемі талдап отырады. ML қолдану және граф үлгілерді іске қосу арқылы біз тек оқиғаларды емес, жасырын қауіптер мен алаяқтық схемаларды көрсететін паттерндер, тізбектер мен желілерді анықтаймыз. Нәтижесінде шешімдер лезде қабылданады, командаларға түсетін жүктеме азаяды, ал комплаенстің қауіпсіздігі мен дәлдігі айтарлықтай артады”, – дейді Freedom Bank басқарма төрағасының кеңесшісі Айнұр Темірханқызы.

Форум аясында қазақстандық компаниялардың цифрлық шешімдері Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдер мен бақылаушы мемлекеттердің үкімет басшыларына таныстырылды. Тимур Турлов қатысушыларға Freedom Business мобильді қосымшасындағы кәсіпкерлерге арналған Freedom ЖИ ассистент туралы айтты.

Еске салайық, Freedom Business қосымшасындағы ЖИ ассистент банктік операцияларды автоматтандырды: дауыспен жалақы есептеу, қаражат аудару, депозиттерді басқару және басқа қызметтерді орындауға болады. Көмекші шамамен 140 команданы орындайды. Бұл қол еңбегін азайтып, кәсіпкерлердің уақытын үнемдейді. ЖИ ассистент банктің өнімдері бойынша кеңес беруді де дамытып келеді – есепшот ашады, карталарды рәсімдеуге көмектеседі, тіпті несие мен салымдардың шарттарын түсіндіреді. Клиент қызметтер, тарифтер және FAQ бөліміндегі жиі қойылатын сұрақтар бойынша сұрақтарын диалог форматында қоя алады.

Айта кетейік, Freedom ЖИ ассистенті Freedom Bank-тің Деректерді өңдеу орталығының қорғалған инфрақұрылымына біріктірілген, сондықтан клиенттердің барлық жеке дерегі қауіпсіз жүйеде сақталады. Спикер атап өткендей, пайдаланушылардың цифрлық көмекшінің көмегіне жүгінуге барған сайын қызығушылығы артып келеді. Сондықтан оның функционалы белсенді кеңейтіліп жатыр. Бұл қосымшаны күнделікті қолдану уақытының орташа өсуіне айтарлықтай әсер етеді. Сонымен қатар Freedom Business Қазақстандағы барлық кәсіпкерлерге ChatGPT-дің толық нұсқасына тегін қолжетімді етті.

Digital Kazakhstan 2026 шарасына 85 мыңнан астам қатысушы жиналды, оның ішінде цифрландыру және инновациялар саласындағы 500-ден астам қазақстандық сарапшылар болды. Форумның жалпы демеушісі – Freedom Bank. Форум бағдарламасына іскерлік сессиялар, сарапшылар талқылаулары, технологиялық шешімдердің презентациялары және бизнесті, мемлекет пен аймақтарды цифрландыру мен индустрияны дамытуға бағытталған салалық форматтар енгізілді.