ҚҰДІРЕТ ДОСЫМОВ – САМБОДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

979
Шымкент қаласының спортшысы Құдірет Досымов самбодан жастар арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жастар арасында әлем чемпионаты 15-17 қазан аралығында Грекияның Салоники қаласында өткен болатын.
ҚР жастар құрамасы командалық есепте 3 орынға жайғасты. Отандық балуандар 2 алтын, 3 күміс және 11 қола жүлдеге ие болды.
Команда сапында 88 келіде бақ сынаған Құдірет Досымов күміс жүлдеге қол жеткізді. Жерлесімізді жеңісімен құттықтаймыз!