ҚАРАТАУ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУ БАРЫСЫ АЙТЫЛДЫ

757

Шымкент қаласы әкімінің есепті кездесуінде Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.

2023 жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта биыл Нұртас су жинақтағыш магистралды құбырының құрылысы аяқталады. Ал Қайнарбұлақ және Асар-2 елдімекенінде құрылыс жүргізіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.

Достық пен Асар-2 тұрғындары сапалы электр желісіне қол жеткізеді. Тассай шағын ауданында құрылыс жұмыстары осы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады. Нәтижесінде биыл ауданды электрмен қамту 97 пайызды құрамақ.

Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызға жетеді. Бұл мақсатта Тұран, Тассай, Нұртас, Қайнарбұлақ, Асар-2 елдімекендерінде құрылыс жұмыстары басталады. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.

Мирас, Ақжайық, Тұран ішкі магистралы, Асар-2, Тассай, Достық елдімекендерінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Асар-2, Тассай, Достықта жұмыстар алдағы жылы аяқталады. 2022 жылы 39 көше жарықтандырылады.

Биыл Қаратау ауданында 83,6 шақырымдық 89 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. 40 шақырымды құрайтын 43 көшеге шағал тас төселеді. Бүгінде жұмыстардың 60 пайызы орындалды.

2025 жылға дейін 441,2 шқ құрайтын 466 көше асфальттанады. Нәтижесінде 2020 жылы сапалы жолдар көрсеткіші — 37,6 пайыз, 2021 жылы – 41,7 пайыз, 2022 жылы – 44,5 пайыз болады.

Қала әкімінің Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Р.Мүлкеманов негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.

Қаратау ауданында 12 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.

Оның бірі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы – 23 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 1500 жұмыс орнын құрумен 21 жоба іске аспақ.

Екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені — 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 369 жұмыс орнын құрумен 14 жоба жүзеге асады.