Еліміздегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады

1566

Еліміздегі білім беретін ұйымдарда қауіпсіздік барынша күшейтіледі. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, елдегі барлық мектепте арнайы күзет пайда болады деп хабарлайды КТК арнасы.

Үкіметтің мұндай шарасына ата-аналар бір тиын шығармайтыны, қажет қаржы бюджеттен бөлінетіні белгілі болып отыр.

Мектептердегі қауіпсіздікті күшейтуге шенеуніктер Татарстандағы оқиғаға дейін кіріскен екен. Тіпті үкіметтің қаулысы атыс болған күнге дейін шығыпты. Сол құжаттың негізінде полицейлер еліміздегі мектептердің лаңкестік әрекетке дайындығын тексеріп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін елдегі оқу орындары қалтасына қарай көсіліп келген. Қауіпсіздік құрылғылары жоқ мектептер де бар.

Енді оқу орындары бейнебақылау камералары, дабыл түймешегі, рұқсатпен кіру жүйесі және арнайы күзетпен қамтылатын болады.

Министрлер кабинеті мектепке әкелуге тыйым салатын заттардың тізімін де жасап қойыпты.