Еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты

944

Шымкент қаласындағы еңбек ұжымдарында жағдай қалыпты, деп хабарлайды ardak.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы мәлімдеді. Жыл басынан бері 6 еңбек дауы тіркеліп, тиісті жұмыстар жүргізу барысында қойылған мәселелер шешілді. Есепті кезеңде, үш жақты комиссияның 7 отырысы өткізіліп, әлеуметтік шиеленістерін, еңбек жанжалдарын болдырмауға бағытталған жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ, есепті кезеңде тексерулер барысында 33 кәсіпорында 1 304 жұмыскерлердің 213,3 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарыздары мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен өтелді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша ағымдағы жылы 1 681 ұжымдық шарт басқармадан мониторингтен өткізілді. Ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлесі (ірі және орта кәсіпорындар арасында) орындалу көрсеткіші 86,5% бекітілген болса, орындалу деңгейі– 98,3% құрады. Қабылданған ұжымдық шарттардың 558 – мемлекеттік мекемелер, 1 126 — жеке кәсіпкерлік субъектілері. Мемлекеттік мекемелердің ішіндегі ұжымдық шарттың түзілу көрсеткіші: ірі – 62 (жалпы 65) немесе 95,4%, орта – 162 (жалпы 162) немесе 100%, шағын – 331 (жалпы 331) немесе 100%. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ішінде: ірі – 70 (жалпы 75) немесе 93,3%, орта – 166 (жалпы 166) немесе 100%, шағын – 890 (барлығы 3049) немесе 27,8%. Қаламызда 24 296 заңды тұлға тіркелген болса, оның 3 848 белсенді жұмыс атқаруда. Белсенді жұмыс атқаратын заңды тұлғаларға шаққанда түзілген ұжымдық шарттың деңгейі 43,69%.

Еске сала кетейік, еңбек заңнамасының сақталуы бойынша орталық көшелерге 2 арнайы баннерлер орналастырылды, сонымен қатар арнайы видео роликтерді жасауға байланысты мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Басқарманың, мемлекеттік ақпараттық ресурстардың бірыңғай порталы, Facebook (enbekshym), Instagram (enbek_inspekciyasy) әлеуметтік желілері және «27-38-42 сенім телефоны» тұрақты жұмыс істейді.