Ғылым мен білім — адамзатты алға бастайтын ұлы күш

1596
Ұстаның заты — жүз жылға, ғалымның хаты — мың жылға мұра. Қазығұрт топырағында туған Қажы Әкбар молда Сәлімұлы Сәлімов ғалым, география ғылым докторы атанған. Ташкент қаласындағы Низами атындағы университетті бітіріп, 1942 – 46 жылдары 9 қаңтар ұжымшарында есепші, Сембі ауылдық кеңесінің хатшысы, 1947 – 51 жылдары Майбұлақ орталау мектебінде мұғалім, 1957 – 58 жылдары Ташкент қаржы институтында қызмет істеді. 20-дан аса ғылым мақала, 3 монографиясы жарық көрген. Өзбек КСР халық ағарту ісінің үздігі. Өзбекстанға сіңірген еңбегі үшін Шухрат орденімен марапатталған. 1997 жылдан Халықараралық Еуропа – Азия экономика академиясының толық мүшесі. Ал, Өнер Жамалов 1922 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сенбі ауылында дүниеге келген, экономика ғылымдарының докторы, професор. Ташкент қаржы-экономика институтын бітіріп, сол институтта, Ауыл шаруашылық инстутында, Орта Азия мемлекеттер университетінде педагог қызметін атқарды. Ташкент мемлекеттік университетінің професоры, Өзбекстан ҒА Экономика институтының директоры, Өзбекстан ғылым академиясының Төралқа мүшесі және академияның философия, экономика және заң ғылымдары жөніндегі академия-хатшысы қызметінде атқарды. 130-дан аса ғылыми жарияланымы, 8 монографиясы бар.
Қазығұрт топырағында туған Қажы Әкбар молда Сәлімұлы мен Өнер Жамалов — ғылымда тау жаратқан алыптар. Ғылым жолы — келешек үшін өзін арнайтын санаулы азаматтың бағына бұйырған. Сондай жолмен жүрген қос алыптың қазақ ғылымына қосқан үлесі ұшан теңіз. Жас ұрпаққа үлгі болатын қос алыптың ел үшін жасаған істері тарих бетінде сайрап тұрғаны көпке белгілі. Қазығұрт аудан әкімдігі, «Аmanat» партиясының қолдауымен, «Әлем таныған қаржандық қос ғалым» атты іс-шара болып өтті. Іс-шара Ө. Жамалов мектебінде болып өтті. Іс-шара барысында Өнер Жамаловтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою мен бұрышнамасы мен Профессор Қажыәкбар Сәлімұлы атындағы дәрісхананың тұсауы кесіліп, конференцияға жалғасты. Конференциядан кейін ауданымыздың өнердегі мақтанышы — «Қазығұрт» фольклорлық ансамблінің концертімен көңіл шаттанып, Алтынтөбе ауыл округ мектептерінің оқушылары арасында өткізілген пәндік олимпиадаға қатысып, білімімен оза шапқан жеңімпаз атанған дарындарды марапаттау болып өтті. Төрт бірдей дарынды жасқа жоғарғы оқу орындарының гранты ұсынылды. Іс-шараға алыс -жақын шетел ғалымдары қатынасып, қос ғалым жайлы өнегелі естеліктерімен бөлісті.
Даңқы ғасырдан — ғасырға жететін қос тұлғаға құрмет көрсету — біздің ұлы парызымыз.