«Қарттарым — асыл қазынам»

1389

Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауыл округінде «Қарттарым — асыл қазынам» атты аудандық семинар өткізілді.
Алтынтөбе ауыл округідегі әжелер алқасы, аудандық әжелер алқасы мүшелерінің қатысуымен, Ө.Жамалов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен Ақселеу Сейдімбектің «Әйел ана» шығармасын театрландырылған көрінісін көрсетті. Алқалы жиында халқымыздың салт дәстүрлері көрсетілді «жүн сабау», «талқан жасау», » дирмен тарту», «киіз басу», «ши тоқу» т.б. дәстүрлі қол өнерлік жұмыстарын көрсетті. Алқалы жиын соңы «Қарттарым — асыл қазынам» атты концерттік бағдарламасын ауыл тұрғындарының көз айымына айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша бұл іс шаранының негізгі мақсаты жастарға үлгі-өнеге көрсету. Тәлім-тәрбие беру. Дін мен дәстүрді сабақтастырып жастарға үйрету. Дәстүрдің озығы бар тозығы бар дегендей, соның озығын алып, тозығын қалдырып, шариғатпен келістіріп, тәрбиелік маңызы бар шараларды көптеп ұйымдастырамыз деген ойдамыз дейді Балтагүл Мырзахметова Алтынтөбе ауыл округінің әжелер алқасының төрайымы. Алтынтөбе ауыл округі әкімі Әлібаев Данабек ауыл спортшыларын алғыс хаттармен марапаттаса, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаровтың алғыс хатымен ардагер ұстаздар мен әжелер алқасының мүшелері марапатталды. Сондай ақ жиынға арнайы келген облыстық маслихат депутаты Тажибаева Гульбахира Қарттар мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыс етті.