«АMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалыда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау жөнінде кәсіпкерлермен кездсу өтті. Отырысты «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Экономикалық даму және кәсіпкерлікті қолдау қоғамдық кеңес төрағасы М.Абдукаримов жүргізді. Жиынға Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс, «АТАМЕКЕН» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары М.Өткелбаев және шаһардағы кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Алғаш сөз алған Т.Дербіс қаладағы кәсіпкерлік саласының бүгінгі жағдайы туралы баяндама жасады.
Президент Жолдауда «Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық» дей келе, нақты тапсырмалар берген болатын. Осы тапсырмалар аясында үшінші шаһарда «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда жеке кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Түрлі курстар әзірленіп, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында гранттар бөлініп, кіші және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлініп жатқаны көңіл қуантады.
#AMANAT
#ТоқаевпенБіргеміз