ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

1252
Түлкібас ауданында тоғызқұмалақтың рапид түрінен Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының кубогы жолындағы республикалық жарыс өтті. Жарысқа Шымкент қаласы мен Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Түркістан облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысып, шеберліктерін шыңдады.
Жарыс 8 топта 15 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында аса тартысты өтті. Ашылу салтанатында Түлкібас ауданнық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ербол Сейфуллаев, Түркістан облыстық №6 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Бөріқұлов және Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті Нұрғали Мылтықбаев арнайы қатысып, жас спортшыларға қолдау көрсетті.
Жарыс тартысты өтті. Ұлттық спорт үздікт ері жиналған сайыста 15 жасқа дейінгі қыздар аралығында Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлері мектебінің талантты шәкірті В.Белицкая жеңімпаз атанды. Ал Алматы облысынан келген спортшы қыз А. Мақсатқызы күміс жүлдеге ие болды. Ұлдар арасында бағын сынаған түркістандық З. Лес алтын медаль жеңіп алды. 13 жасқа дейінгі ұлдар ішінде Қызылорда облысынан келген Е.Ертай жеңістің шыңын бағындырды. Бұдан басқа қыздар арасында бағын сынаған Бәйдібек ауданының спортшысы Н.Ұстазхан бас жүлдені қанжығасына байлады. Жарыс барысында 11 жас ұлдар арасында шеберлігін көрсеткен Алматы облысының өкілі И. Балағаз жеңімпаз атанды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерді және жаттықтырушыларды Түркістан облысының тоғызқұмалақ федерациясының президенті құттықтап, бағалы сыйлықпен марапаттады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі