ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДАҒЫ БАРЛЫҚ БІЛІМ ҰЯЛАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҰСТАЗДАРЫ ӘНҰРАНДЫ ШЫРҚАДЫ

827
Кентау қаласының ұстаздары Республика күніне орай Әнұранды шырқады. Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен бөлім әдіскерлері, жалпы мектептердің басшылары, педагогтар, балабақша меңгерушілерінің, жалпы 360 ұстаздың қатысуымен «Патриотизм дауысы» тақырыбында патриоттық іс-шара өткізілді. Ұстаздар қолдарын көкірек тұсына қоя, Әнұранды жанды дауыста шырқады.
– Еліміздің жарқын болашағы үшін қалыптасқан бұл мерекенің маңызы зор. Осы тұрғыда елдің әрмен қарай даму бағытында ұстаздардың қосар үлесі зор. Жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеуде қажырлы еңбек ететін боламыз, – деген қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Айгүл Мақұлбекова халықты мерекемен құттықтады.
Патриоттық шара қаладағы Ә.Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектебінің оқушыларының орындауында «Менің арманымдағы Қазақстан» флешмобына ұласты. Ұстаздар тарапынан Атамекенге арналған әндер шырқалды. Шараның мақсаты болашақ жас ұрпақты елдің қорғаны екенін сезіндіру, Отанға деген сүйіспеншілігін ояту болатын.
Дәл осындай іс-шара қаладағы «Көктөбе» демалыс аймағында жалғасты. Қаладағы колледж жастары көк туды желбіретіп, Әнұранды шырқады. Әскери ойындар ұсынылып, қаладағы каратэ-до шотокан үйірмесінің жас спортшылары өз шеберліктерін көрсетті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі