«Бағасы Қазақстандағыдан екі есе төмен». Грузияда көліктер неге арзан?

1532

Желі қолданушылары Грузия мен Қазақстандағы көліктердің бағасын салыстырды.

Екі елдегі көлік бағаларының айырмашылығы жер мен көктей, деп хабарлайды Экспресс К.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Рүстем Жансейітов Грузиядағы көліктердің бағасы Қазақстандағыға қарағанда екі есе арзан екенін көріп таңғалған. Ол көліктердің маркасы мен екі елдегі бағасын салыстырды.

Егер Грузияда жаңа Prado 18 млн 400 мың теңге болса, біз қолданылғанын 30 млн теңгеге аламыз. Көлік салондарындағы баға әлдеқайда қымбат. Әрине, грузиндер көлік бағасына салықты, жеткізу құнын қосады. Бірақ бәрібір арзан шығады. Неге бізде қымбат?

— дейді тұрғын.

Рүстем Жансейтовтің айтуынша, Қазақстанда көлік бағасы Дубайдағыдан да қымбат. Ол бұл қымбатшылыққа көрші Ресейдегі алыпсатарларды кінәлайды.

Араб Әмірліктері табысты бізден де көп табады, бірақ көліктері бізден арзан. Логика қайда? Ресейді тойдыруды қою керек! Еуразиялық Одақтың салдарынан қымбатшылық болып отыр,

дейді Рүстем Жансейітов.

ЭК тілшісі Toyota ресми диллерінен көліктердің бағасын сұрады. Прайс-қағазға сүйенсек, жеті орындық Toyota Prado көлігінің бағасы 30 млн теңгеден басталады. Люкс жиынтықтағы Тойотаны міну үшін қалтаңызда 43 млн теңге болу керек. Дәл осы көлік Грузияда 15 млн теңгеге жуық тұрады.