ЕРІКТІЛЕРДІҢ ІСТЕГЕН ЕРЛІГІ КӨП

1014

Жуырда ғана Үкімет басшысы жауаптыларға еріктілерді қолдау бойынша нақты тапсырма берді. Бұл бағытта қалалық Жастар ресурстық орталығының еріктілермен жүргізіп жатқан жұмыстарын атап өтуге болады.

Шымкенттің ерікті жастары Шығыс Қазақстандағы Риддерде орын алған қайғылы жағдайға байланысты бірінші болып көмек қолын созды. Азық-түлік, киім-кешек, қаржылай көмек жинап жіберді. Арыс, Мақтаарал жағдайында да жүгіріп жүргендер – еріктілер.
Шымшаһарда еріктілермен жұмыс істейтін 15-тен аса қоғамдық қор бар. Барлығы белсенді. Еріктілердің ұйытқы болуымен қалада «Экосана» атты сенбілік басталды. Мақсат – қоқысты жинау емес, тазалау. Сана тазаланса, айналамыз таза болады. Шын мәнінде еріктілердің мақсаты – өз еркімен, жан дүниесімен қайырымдылықпен айналысу. Еріктілердің істеген ерлігі көп. Олардың арасында І, ІІ топ мүгедектері, ардагерлер де болды. Пандемия кезінде 78 жастағы атамыз жастармен бірдей үйме-үй азық-түлік таратып жүрді. Ерікті деген жасқа қарамайды.