Басты Шымкент Әрекетсіздік танытқан сот орындаушыларға сын көп
Шымкент қаласы прокуратурасымен жүргізілген тексеру нәтижесінде, мемлекет алдындағы сот және басқада борыштық міндеттемелерді өндіру кезінде сот орындаушылардың «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» ҚР Заңының (әрі қарай-Заң) талаптарын орындамаудың бірнеше деректері анықталды,деп хабарлайды Ardak.kz.
Жылжымалы және жылжымайтын мүліктері бола тұра мемлекет алдындағы 8,8 млн. теңге қарызы бар борышкерлерге қатысты мәжбүрлеу шарасы қолданылмаудың 15 дерегі анықталды.
Сондай-ақ, сот орындаушылармен Заңның 33 бабының талаптары орындалмай 17,8 млн. теңге қарызы бар 100 борышкерге елден шығу туралы шектеу қойылмаған.
Бұдан бөлек, сот орындаушылардың өздері 3,9 млн. теңгеге борышкер болып табылатын 8 дерек әшкереленді.
Борышкерлердің әкімшілік жауапкершілікке тартылмаудың көптеген деректері және жұмыс орнына атқарушылық жазба жібермей атқарушылық құжаттарды орындамай заңсыз қайтарудың бірнеше фактілері анықталған.
Тексеру барысында қала прокуратурасымен «Борышкер» акциясына бастамашылдық жасалып, нәтижесінде мемлекетке 26 млн. теңгеден аса қаржы өтеліп, борышкерлердің 82 автокөліктері айыптұраққа қамалған.
Тексеру қорытындысы бойынша Шымкент қаласының Әділет департаментіне 8 сот орындаушыға тәртіптік жаза тағайындау оның ішінде мемлекеттік қызмет абыройына нұқсан келтірген және 30 сот орындаушыны лицензиясынан айыру туралы ұсыныс енгізілді.
Дереккөз:Шымкент қаласының прокуратурасы