“Аэс — жасыл экологияға жол”

361

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС — жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.