Қазақстан: Ресейге көмектеспейміз! Бейбіт келіссөзге алаң ұсынамыз!

492

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко жуырда «Неміс толқыны» («Deutsche Welle») басылымына сұхбат беріп, Ресей-Укарина соғысына және Қазақстанның позициясына қатысты пікір білдіріпті.

Қазақстан Ресей мен Украи на соғысын бейбіт шешу үшін алаң ұсыныпты. Бүгін осы туралы аз-кем тоқталып, Василенко мырзаның айтқандарын Mezgil.kz оқырмандарының талқысына ұсынбақпыз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙ МЕН УКРАИНАҒА АРАҒАЙЫНДЫҚ ҰСЫНУДА

«Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер үшін делдал ретінде әрекет етуге немесе алаң беруге дайын екенін білдіруді жалғастыруда», — деді Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко. «Біздікі тілек. Олар қашан келіссөзге дайын болады, біз де дайынбыз! Біз бұл туралы үнемі айтып келеміз және ашық айтып жүрміз», — деді ҚР СІМ өкілі.

ҚАЗАҚСТАН РЕСЕЙГЕ КӨМЕКТЕСПЕЙДІ!

ҚР СІМ басшысының орынбьасары Роман Василенко мырза Қазақстан Ресейге салынған санкцияларды қатаң сақтайтынын айтыпты.

«Қазақстан өз аумағын Ресейге қарсы Батыстың санкцияларын айналып өту үшін пайдаланбау үшін шаралар қабылдауда», — дейді Василенко. «Бастапқыда біз Батыс елдері Ресейге қарсы енгізген санкциялар режиміне қосылмадық. Бірақ біз Батыстың біздің экономикаға қатысты санкцияларының қолданылуына мүдделі емеспіз», — деді Василенко. «Мүдделер мемлекетіміздің қалыпты жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасауда жатыр. Бұл біздің барлық мемлекеттермен қарым-қатынастарды дамытуды көздейтін прагматикалық және теңгерімді сыртқы саясатымызды жалғастыруды білдіреді. Қазақстанның әлемнің ешбір елімен нашар немесе шиеленіскен қарым-қатынасы жоқ», — деді кіші министр мырза.

Оның айтуынша, Қазақстанда компаниялар мен тауарлардың санкциялар тізімінде бар-жоғына онлайн бақылау жүргізіледі.

Mezgil.kz