АБДУЛЛАБАД ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

45

Шымкент қаласының Абдуллабад тұрғын алабында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы тұрғындар арасында қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту мақсатында маңызды кездесу өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты — қоғамдағы тұрақтылықты сақтап, әртүрлі этностар мен мәдениеттер арасындағы өзара құрметті арттыру, сондай-ақ бейбіт өмірдің маңызын түсіндіру болды. Кездесу барысында қоғамдық келісімнің қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы тереңнен талқыланды.
Жиын барысында діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, түсініспеушіліктердің алдын алу жолдары мен қоғамдық келісім мәдениетін қалыптастыру мәселелері көтерілді. Бұл бағытта қазіргі таңда қоғамда өзекті болып отырған проблемалар мен оларды шешу жолдары қарастырылды. Мамандар қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін қажет қадамдарды атап өтіп, қоғамдық сананы қалыптастырудың маңыздылығын тілге тиек етті.
Кездесуге «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Нұржан Әбдікәрім, Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төраға орынбасары Батырбек Жалмұрзаев, Еңбекші аудан әкімі аппаратының әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Роза Ирисбекова, Қаратөбе аумағының төбе биі Абдумутал Исраилов, сондай-ақ Абдуллабад тұрғын алабының ауыл биі Икрамжан Эргешов Рахимжанович қатысты.
Сөз алған мамандар ұлтаралық татулықты сақтау және өзара құрметті қалыптастыру бағытында тәжірибелерімен бөлісіп, қоғамдық жауапкершілік пен құрмет деңгейін арттыру жолдарына тоқталды. Олар ақпараттық кеңістіктегі тұрақтылықты сақтау тетіктері мен оны тиімді пайдалану әдістері жайында да кеңінен баяндады. Қоғамдық келісімнің ақпараттық тәсілдері арқылы қоғамда сенім мен бейбітшілік орнату мүмкіндігі туралы да пікір алмасты.
Кездесу соңында тұрғындар қоғамдық келісім, бірлік пен ынтымақты сақтау, этносаралық қатынастарды нығайту мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл іс-шара қатысушыларға бір-бірімен өзара түсіністік орнату, құқықтар мен міндеттерді дұрыс түсіну және қоғамда жаңа деңгейдегі мәдениет қалыптастыру үшін маңызды ойлар қалдырды.