«Қалың қалай, бастауыш ұйым» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы — Шымкент қаласының «Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу өтті.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, басқарманың басшысы Ахметов Ұлан Қуандықұлы және мекеменің кәсіподақ төрағасы Шабидинов Мырзахан бірге кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.
Кездесу барысында еңбек қатынастары және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ХХҮІІ-съезінің және «Қызмет» салалық кәсіподағының ХІІ-съезінің шешімдерімен таныстырып, кәсіподақтар қызметінің 2025-2030 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне кеңінен тоқталды.
Кездесуде кәсіподақ мүшелері өздерінің күнделікті жұмыстарына қатысты маңызды сұрақтарын қойып, әртүрлі мәселелер бойынша пікір алмасты.
Жиын қорытындысында басқарма қызметкерлерін алда келе жатқан «30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен» және Қазақстан Конституциясына 30 жыл толу мерекесімен құттықтап, белсенді қызметкерлерге кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда: «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төсбелгілерімен басқарманың бас мамандары мен мамандары А.Баешов, М.Шерхан, С.Қырықбаев, Б.Алтынбекова, А.Бактыбаев, С.Желдобай марапатталды.
Сонымен бірге, 8 қызметкерге Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, Әл-Фараби ауданы әкімінің және Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттары» табысталды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!