Ақтөбе облыстық прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің орталық аппараты Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп күдіктіні қолға түсірді.
«17 ақпанда ҚР ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі орталық аппараты Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаментімен бірлесіп Ақтөбе облысы прокуратурасы қызметкерін ұстады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр» деп жазылған Ақтөбе облысы прокуратурасы хабарламасында.
Ұстаудың мән-жайы мен прокурордың нақты қандай қылмысқа күдікті екені туралы қадағалау органы мен ҰҚК әзірге хабарлаған жоқ.















