Қазақстанда кафе мен мейрамханаларға ішімдік фотосы үшін айыппұл салына бастады

134

Қоғамдық тамақтану орындары әлеуметтік желідегі парақшаларында алкоголь туралы жазбалар жариялағаны үшін айыппұлға тартылып жатыр. Бағасы көрсетілмесе де, сатып алуға шақыру болмаса да, мұндай жазбалар жарнама ретінде танылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мейрамханалар мен кафелерге сусын атауларын атамау, брендтерді көрсетпеу, бар көрінісі бар фото және видеолардан бас тарту ұсынылады. Сондай-ақ ұтыс ойындарын өткізуден аулақ болып, әлеуметтік желідегі парақшаларына алкоголь мәзірін жарияламау керек.

Мұндай бұзушылықтар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 455-бабы – «Жарнама туралы заңнаманы бұзу» бойынша қаралып, кәсіпкерлерге ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін.

«Брендтерді көрсетуге, атауларын жазуға, ұтыс ойындарын өткізуге, алкоголь мәзірін жариялауға болмайды. Тіпті фонда тұрған бөтелкенің өзі – тәуекел. Барлығы тексеріледі: посттар, стористер, архив. Аккаунттарыңызды тексеріңіздер. Кеш болмай тұрғанда», – деп ескертті Қазақстанның қоғамдық тамақтану саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елімізде кальян шегуге толық тыйымды қайта қарау талқыланып жатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, елімізде қоғамдық орындарда кальян шегу әлі де жалғасып отыр. Яғни балалар мен келушілердің бар-жоғына қарамастан шегу жағдайлары кездеседі. Ведомство басшысы тиісті ұсыныстар жасалғанын айтты. Қазір үкімет оларды қарастырып жатыр.