«Shine Production» продюсерлік компаниясы және белгілі продюсер Баян Алагөзова режиссер Талғат Теменовтың 1992 жылы түсірген «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасы болып табылатын «Тағдыр Станциясы» фильмінің премьерасы болатынын хабарлады. Танымал продюсердің фильмі 24 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарлануда.
Дегенмен, режиссер Талғат Теменов Астана қаласының Есіл аудандық сотына авторлық құқықтың бұзылуы туралы арызбен Баян Алогөзованы сотқа берді. Ол «Тағдыр бекеті» фильмін контрафактілік өнімдер ретінде танып және «Shine Production» компаниясы мен Баян Алагөзовадан 30 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алу туралы талаппен арыз түсірді.
Ал сот өтініш берушінің фильмнің барлық көшірмелерін және фильмді көрсетуге тыйым салу туралы өтінішін қабылдамады. Бұлай жасау себебі, бұл заңды құқықтың бұзылуына, басқа тұлғалардың мүдделеріне және «Shine Production» ЖШС-нің банкротқа ұшырауына алып келуі мүмкін.
Соған қарамастан, сот Теменовтың авторлық құқықты бұзылуы және материалдық зиянды өтеу туралы талаптарын қабылдап, азаматтық іс қозғады.
«Shine Production» ЖШС және Баян Алагөзованың кінәсінен кинотеатрларға ықтимал зиян келтірмеу және арада түсініспеушіліктер болмас үшін, мен Қазақстанда фильмдерді көрсететін және жалға алатын ұйымдарды сот процесі аяқталғанға дейін «Тағдыр станциясы» фильмін көрсетпеуді ұсындым. Бұл ұсыныс ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен негізделген. Осы Заңның 49-бабының екiншi бөлiгi контрафактiлiк деп саналатын авторлық құқық объектiлерiнiң барлық көшiрмелерiн, сондай-ақ оларды жасау мен көбейтуге арналған материалдар мен жабдықтарға арест қоюды және алып тастауды көздейді»,- деп мәлімдеді Теменовтың авторлық құқығын қорғаушы заңгер Бейбіт Жұмағали.
Айта кетсек, Баян Алагөзова «Махаббат бекетінің» режиссеріне: Тиісті органдарға шағымданып, сізді жауапкершілікке тарта аламын, деп Теменовтың рұқсат бермегеніне қарамастан фильмнің жалғасын түсіретінін мәлімдеген болатын.