Италия зейнетке шығу мерзімін 5 жасқа төмендетті, ал біз…

1585
Адамның жасы ұлғайған сайын оның жұмыс істеу қабілеті қанша дегенмен төмендейді. Бірақ мемлекет адам баласының жағдайын қаншалықты жасап отыр? Бұл үлкен мәселе, Десек те, ақиқатында зейнеткерлерді асырау қымбатқа түседі. Сондықтан мемлекет зейнетақы жасын ұзартуға мәжбүр.  Бізде де 2018 жылдан бастап әр жылға алты ай қосылып отыр. Болашақта әйелдер 63 жастан бастап зейнеткерлікке шығады. Қазір соның алғышарты жасалып жатыр. Онсыз да қарттыққа  аяқ басқан қазақ әйеліне мұның барлығы оңай тимей тұр. Десек те…
Кеше Италия президенті Серджо Маттарелла әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды материалдық жағынан қолдау және зейнкеткерлердің  жасын төмендету туралы заңға қол қойды.
Президент қол қойған зейнетақы жөніндегі реформаға сәйкес, егер зейнетке шығатын адамның жасы 62-ге келсе, ал оның еңбек өтілі 38 жыл болса, онда итальяндықтар зейнеткерлікке шыға беруіне болады. Нақты айтқанда, зейнеткерлікке 29 жасынан бастап тұрақты үзіліссіз жұмыс істеген кез келген адам шыға алады. Мысалы, сіздің жасыңыз 70-ке келсе, онда міндетті түрде 30 жыл еңбек өтіліңіз болуы керек.
Сондай-ақ бұл заң әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға да арналғанын айта кетейік. Елде ұзақ уақыт жұмыссыз қалған азаматтар қайтадан қысқа мерзімдік дайындықтан өтеді.  Ай сайын жұмыссыздарға 780 евро, ал отбасына 1032 евродан беріліп тұрады.  Олар  кез келген мамандықты қысқа мерзімнің ішінде оқып алуға келісімін беруі керек.
Бұл әрине мемлекет үшін оңай нәрсе емес. Бірақ Италия билігі өз азаматтарын қорғау үшін осындай жағдайға барып отыр. Италия үкіметінің есептеуі бойынша бір жылдық шығын 4 миллиард евроны құрайды. Үкімет 2020 жылға дейін барлығы 8 миллиард евро жұмсауды көздеп отыр.
Ескерте кетейік, 2011 жылы Италиядағы қаржылық дағдарысқа орай ел билігі зейнекеткерлердің жасын 67 жасқа көтергені білгілі. Енді міне халықтың тұрмыстық жағдайы дұрысталғаннан кейін президент қайтадан зейнет жасын 5 жасқа төмендетті. Ал біз  зейнетақыны аз ғана өсіріп, зейнеткерлердің шығу жасын ерлермен тең етіп, 63 жасқа  әкелдік. Ал әлем елдерінде қандай?
Ресейдің өзінде 2018 жылдан бастап, әйелдер  60 жаста, ерлер 65 жасында зейнетке шығады.
2012 жылы Польша  үкіметі де зейнеткерлердің жасын 67 жасқа ұзартқаны белгілі.  2017 жылдан бастап халықтың талабын ескере отырып, мұны төмендетті. Қазір Польшада қарттыққа аяқ басқан ерлер 65, ал әйелдер 60 жастан бастап зейнетке шығады.
Қытайда ерлер 60, әйелдер 55 жастан зейнетақылық ақшасын ала бастайды. Егер ауыр жұмыс істесе, әйелдерге 50 жастан бастап шығуға мүмкіндік берілген.
2021 жылдан бастап Швеция да әйелдер 60 жастан шығады. Ал бұл дерек Францияда ерлер мен әйелдер үшін 62,5 жасты құрап отыр. Австрияда әйелдер -60, ал ерлер 65 жастан шығады. 2024 жылға қарай елде әйелдер де, ерлердің зейнеткерлік жасына теңесіп, зейнетақы 65 жастан бастап төлене бастайды.
Израйльде зейнеткерлік жас ерлер үшін — 67, ал әйелдер үшін — 62 жас.
Норвегияда негізі зейнеткерлік жас 67 жас болып есептеледі. Бірақ кейбір полиция, әскери азаматтар мен басқа да категориялар үшін 65, 63 және 60 жас болып отыр.
Швейцарияда  әйелдер — 64, ерлер — 65 жастан бастап зейнеткерлікке шығады.
…Ақиқаты, Қазақстан мен Еуропа елдерінің тұрмыстық әлеуметтік экономикалық жағдайын салыстыруға келмейді. Біз онсыз да отбасылық жауапкершілік мойнына түскен қазақ әйелінің зейнеткерлік жасын ұзартып, оларға салмақ салып жіберген жоқпыз ба? Бізді осы алаңдатады.
Дереккөз:qamshy.kz