Бюджетке 1 миллиард теңгеге шығын келтірген басқарма басшысы ұсталды

1043
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық басқарма басшысын ұстады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымды өкілеттілігін теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілінді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро Маңғыстау облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол шетел компаниясын аккредиттеу шарасын заңсыз жеңілдету, сондай-ақ, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісімі бойынша мұз сарайының құрылысына іс жүзінде сәйкес келмейтін жабдықты жеткізуді растау арқылы лауазымын теріс пайдаланғаны үшін күдікке ілініп отыр. Нәтижесінде мемлекет мүддесіне 1 миллиард теңгеден астам сомаға залал келтірілген. Сот күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда», — деді А.Бердалин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.