Түркістан облысында ирандық компания фармацевтикалық зауыт салады

1229
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Иран елінің инвесторлармен кездесті. Өңірімізге арнайы жұмыс сапарымен келген мәртебелі меймандар ТМД елдері арасындағы сапарын Қазақстаннан бастап отыр.
Компанияның маңызды және бірегей ерекшеліктерінің бірі — зерттеуге инвестиция салу, сондай-ақ кадрларды дайындаудағы тұрақты ұмтылыс. Фармацевтика саласында бәсекелестерінің алдын орап үлгерген компания 54 түрлі дәрі-дәрмек шығарады. Сапалы өнімдер еуропа нарығына жөнелтілуде.
Бүгінгі күні қызметкерлердің 30 пайызы докторлық, магистратура және фармакология саласындағы мамандар болып табылады. Олар ғылыми-зерттеу, дамыту және сапаны бақылаумен айналысады. Niak фармацевтикалық компаниясы соңғы GMP стандарттарына сәйкес №2 зауытты дамытуды жоспарлап отыр.
«Мен Сіздердің бұл бастамаларыңызды толық қолдаймын. Маңызды қадам жасалып жатқандығы анық. Сондықтан жұмысқа еш алаңсыз кірісулеріңізге болады. Сіздер үшін индустриялдық аймақты дайындаймыз. Еуропалық одақтың нарығына шығудың да тиімді тұстарын атап кетуге болады. Қазақстан, Ресей, Беларусия, Қырғызстан және Арменияға өндірілген дәрілерді еш кедергісіз жеткізесіздер. Бұл шамамен 200 млн халыққа жол тартады деген сөз. Экономикалық аймақ ретінде өзімізде де жеңілдіктер қарастырылған. Кеден бекеттерінен қиындықтар болмайды. Сондықтан белсенді түрде білек түре іске кірісуге шақырамын. Бюрократия болмас үшін мен өзім қадағалаймын», — деді Ж.Түймебаев.
Өз кезегінде, Иран инвесторлары аймақ басшысына ризашылығын білдірді. Кездесуде екі жақты мемарандумға қол қойылды. Мәртебелі меймандар Түркістанмен сауда-экономикалық байланыстарының одан әрі нығаюына ниетті екенін жеткізді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі