Қазақстанда «Масс-медиа туралы» заң қайтадан түзетіледі

14

«Масс-медиа туралы» Заңға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Масс-медиа саласындағы заңнаманы жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Құқықтық базада сөз бостандығы принциптерін, цензураға жол бермеуді және азаматтардың ақпарат алу мен тарату құқығын толығырақ көрсету жоспарлануда. Сонымен қатар, азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау тетіктері күшейтіледі, бұл пікір білдіру бостандығы мен адамның конституциялық құқықтарын қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деді Балаева үкімет отырысында.

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, Мәдениет және ақпарат министрлігі жетекшілік ететін барлық салалардағы заңнама жаңартылады.

«Мәдениет, ақпарат, масс-медиа, архив ісі, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, діни қызмет, сондай-ақ жастар және отбасы саясаты салаларын реттейтін 20-дан астам заңнамалық актіге өзгерістер енгізу жоспарлануда», — деп хабарлады ведомство басшысы.

Бұл өзгерістер заңнаманы жаңа Конституцияға сәйкес келтіру үшін енгізілуде.