Өзіңді жең, ол үшін өзіңе сен! 

1345

Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Өзіңді жең» жобасының кейіпкері Грэпплинг UWW спорт шебері Батухан Құттымұрат. Жас та болса, талай белесті бағындырған спортшы.
Ол — 2021 Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Уфа, Ресей және
Қазақстан Республикасы чемпионатының 4 дүркін чемпионы, 6 дүркін Қазақстан кубогының иегері,2019 жылы Әлем чемпионы, Әзербайжан, Баку,
2018 жылы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Нұрсұлтан қаласы.

Батухан Құттымұрат: «Әрбір жетістік пен жеңістің артында өз бойыңдағы үрей мен қорқынышты, өз күшіңе деген сенімсіздікті жеңу үшін алға аттаған кішкентай қадамдар тұр. Өз-өзіңді жеңу — өзге біреуді жеңуден қиын. Өйткені, өз бойыңдағы жалқаулық, сенімсіздік сияқты кемшіліктері байқамайсың. Өзіңді жеңу үшін аянбай тер төк. Еңбектен, өзіңе ғана сен. Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап».