ШЫМКЕНТ МЕКТЕПТЕРІНДЕ СПОРТТЫҚ ҮЙІРМЕЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

999

Мемлекет басшсы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында бұқаралық спортты дамытып, жас ұрпақтың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыруда берілген тапсырмалар аясында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Үшінші мегаполистегі  білім беретін барлық мектептерде білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында  шахмат, тоғызқұмалақ, валейбол, баскетбол, футбол, арқан тартыс секілді түрлі спорттық үйірмелердің жұмысы жанданып келеді.  Спорттық үйірмелері жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан білім ошағының бірі 104 жуық тарихы бар шежірелі қара шаңырақ Қарсыбай Спатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде бұл бағыттағы жұмыстар ерекше орындалып келеді.  Спорт алаңдары заманауи жабдықталған, оқушылардың спортпен айналысуына жағдай қарастырылған білім ошағында оқушылардың басым бөлігі спорттық үйірмелерге қатысады.  Қаламызда өткен оқу жылы өткен «Мектеп лигасы» жобасында бұл мектептің оқушылары спорттық жарыстарады биіктерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көрініп келеді. Дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын насихаттауда оқушылар үшін спорттық үйірмелердің орны бөлек.