Алғыс айту күні: Шымкентте сыбаға үлестірілді

1704
1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесі қарсаңында Шымкентте басталған апталықтың бірінші күні — «Қайырымдылық күні» ретінде аталып өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеше өткен іс-шара аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Асссамблеясының мен түрік этномәдени бірлестігі ірі қараны құрбандыққа шалып, ет пен ұлттық дүниетанымымызға сәйкес жеті түрлі азық-түлік салынған себеттер 40 отбасыға сыбаға ретінде үлестіріді.
Игі шара белгілі айтыскер ақын Нұрлан Есенқұловтың қазақ халқының ежелден келе жатқан сыбағаның қадір-қасиетіне арналған арнауымен бастау алады. Жиында сөз алған қоғам қайраткері, қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев, қалалық түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Латифша Асанов игі дәстүрдің мән-маңызына кеңінен тоқталды.
Алғыс айту күні: Шымкентте сыбаға үлестірілді
Халқымыздың дәстүрі негізінде елдің берекелі бірлігін сақтап, ынтымағын арттыруды көздейтін мұндай шаралар қаланың барлық аудандары мен тұрғын алаптарда ұйымдастырылды.