Қазақстан теңгесінде орысша жазулар болмайды

1628
Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» жарлықта теңгедегі жазбалардың тек мемлекеттік тілде болуы қажет деп жазылған.
Шет тілінде жазулар тек инвестициялық және коллекциялық тиындар дизайнында болуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Теңге және оның ширек ғасырлық жолы
Қазіргі кезде қолданылып жүрген теңгелерде орысша жазулар бар. Қазақстан Конституциясында орыс тілі мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ тілімен бірге қолданылады деп жазылған. Ал елде мемлекеттік тіл статусына қазақ тілі ғана ие.
Дереккөз: Азаттық радиосы