Түркістан – аймақты дамытатын шаһар

1351

Қазақстан Президенті Түркістан қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Алматы, Ақмола жә­не Қарағанды облыстарының қолдауы­мен салынған, жалпы аумағы 32 гектар жер­ді қамтитын «Жібек жолы» саябағына бар­ды. Онда қалада іске асып жатқан жо­балармен танысты.

Шара барысында Қазақстан Пре­зи­ден­тіне Түркістан халықаралық әуе­жайы­ның құрылысы жайында ақпарат берілді. Әуежай құрылысы жыл соңына дейін аяқ­талып, пайдалануға беріледі.

Экология, геология және табиғи ре­сурс­тар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қа­сым-Жомарт Тоқаевқа «Қасқасу» тау шаң­ғысы кешенін дамытуға және өңірдегі су ресурстарына қатысты жобалар туралы мә­лімет берді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс ор­та­лығын дамыту, Түркістан қаласындағы мәдени-рухани жобалардың жүзеге асы­рылуы, шаһарға тартылған инвестиция кө­лемі жөнінде баяндады. Сондай-ақ Пре­зидентке өңірдегі COVID-19 инфек­ция­сына қатысты жағдай және оған қарсы қа­былданған шаралар, облыстық орталық­тың жұмысы жайында есеп берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Түр­кістан қаласындағы «Сапар орталы­ғы­ның» жұмысымен танысты. «Сапар ор­та­лығы» – биыл іске қосылған өңірдегі маңы­­зы зор нысан.  Қазақстан Пре­зи­ден­тіне туристік нысандарды бірыңғай элек­тронды билетпен қамту жүйесі, туристерге ұсынылатын маркетингтік ақпарат және ау­диогид материалдары жөнінде баян­дал­ды.