Басты Спорт Тарихи жеңіс: Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді
Жапонияның Сайтама қаласында өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Элизабет Тұрсынбаева күміс медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Спортшы еркін бағдарламаны сәтті орындады. Ол мансабында алғаш рет күміске қол жеткізіп отыр.
Бұл жеңісі Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Бұрын-соңды ешбір мәнерлеп сырғанаушы қыздарымыз мұндай жетістікке жетпеген.
Еркін бағдарламада Тұрсынбаева төрттік сальховты орындай алды. Бұл мәнерлеп сырғанау спортындағы тарихи сәттердің бірі. Себебі бұған дейін аталмыш қиын элементті әйелдер арасында ешкім орындай алмаған.
Төрешілер бұл орындауды 148.80 балға бағалады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Элизабет Тұрсынбаева күміске қол жеткізді.
Элизабет Тұрсынбаева әлем чемпионатының тұғырына көтерілген алғашқы қазақстандық.
Ресейлік Алина Загитова да жеңісін тойлады. Қола жүлдені Евгения Медведева алды.