Шариповаға шашылған ақшаға сұрау бар ма?

1055
Кеше Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі өзінің ресми сайтында қазақстандық бұрымды боксшы Фируза Шарипованың бір жекпе-жегін ұйымдастыру үшін 74 842 650 теңге бөлінгенін xабарлады. Бұл ақша боксшымыз Қазақстан жерінде екінші жартылай жеңіл салмақта WBС тұжырымы бойынша әлем чемпионы Ева Вальстреммен кездесу ұйымдастыру үшін бөлінген. Бірақ түптеп келгенде кездесу де жоқ, ақша да жоқ.
Шарипованың айтуынша, ол ақшаны Санкт-Петербург қаласында чемпиондық белбеуін қорғау үшін жұмсаған. Сол кезде қорғады ғой. Бірақ қазір ол чемпиондық атағынан айырылып қалды.
Негізі кәсіпқой бокста чемпиондық белбеуін қорғайтын боксшы керемет шығындалмайды. Керісінше, белбеуге үміткер боксшы чемпионға төлейді. Алайда, Шариповаға келгенде бәрі керісінше.
Енді мынаны қараңыз. Фируза кеткен белбеулерді қайта алу үшін және Вальстреммен кездесу өткізу үшін 500 мың доллар керек дейді. Сонда не үшін?
Жоғарыда ол белбеуін жәй қорғағаны үшін 200 мың доллардан асық шығындалған. Яғни, бұл жерде ол қарсыласқа да ақша төлеп, кешті де өзі ұйымдастырған секілді. Енді Еваға үміткер боксшы ретінде барып, тағы шығындалады.
Тағы бір айта кететін жәйт, қаржы жекпе-жекті Қазақстанда өткізу үшін бөлінген. Бірақ кездесу Ресейде өткен. Сонда қазақтың жарнамасы Ресейде керек пе?
Айтса айтты, жазса жазды дейсіздер. Бірақ барлық нәрсенің сұрауы бар емес пе? Оның үстіне xалықтың ақшасы ғой.
Е-е-е мейлі. Не болса да Құдай қайырын берсін!
Уәлихан Қосанбайдың facebook парақшасынан
Дереккөз:Abai.kz