Гауһар Әлімбекова абақтыдағы 6 күн, тоқсан тарау тергеу және халық жиған ақша жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир»

1397
Белгілі әнші Гауһар Әлімбекова Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасының жаңа қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әнші сұхбатында таяуда өткен соты жайлы, қылмыстық істегі бірінші куәгер, кейін айыпталушы, одан соң қалайша сотталушы болып шыққанын әңгімелейді. Сот істеріне қолы сынса да барып жүрген ол өзіне сенімді болдым дейді. Сол күйде басқа салған баспақшыл деп, абақтыда өткізген 6 күн, 5 түнін еске алады.
Сонымен қатар, Әлімбекова тағдырдың жазуымен тергеліп, терең қайғыда жүргенінде кімнің көмекке келіп, арқасүйер жанашырлары болғанын да айтып берді. Әңгіме арасында ол халық жиған ақшаның қайда екенін және алдағы шығармашылық жоспарлары жайлы да баяндайды.

Еске салайық, 11 сәуірде 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шыққан болатын.
Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен «The Эфир» жобасында телепат Лиор Сушард, әнші Ернар Айдар, актер Мейірғат Амангелдин, «КешYou» тобының экс-солисі Балжан Бидаш, әнші Қайрат Нұртас, айтыскер ақын Балғынбек Имаш, әнші Тоқтар Серіков, «Назар аудар» жобасының мүшелері, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев және тағы басқалар болған еді.
Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты — танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.