ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

677

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Еңбекші ауданы әкімі аппараты мен Шымкент қаласы дін істері басқармасының мамандары және Шымкент қалалық психикалық денсаулық орталығынының наркологтарымен бірлесіп «Stop bullying», аутодеструктивті мінез-құлық, нашақорлық, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша насихаттау жұмысы жүргізілді.

Аталмыш іс-шараға М.Горький атындағы №12 жалпы орта мектебі оқушылары және мектеп инспекторы қатысты.

Іс-шарада барлық санитарлық — эпидемиологиялық талаптар сақталып, барша қатысушылар Ashyq қосымшасы арқылы кіргізілді.