«Адал-жас ұрпақ» патриоттық шарасы өтті

537
Шымкент қаласында «Қазақстан Тәуелсіздігіне — 30 жыл» мерей тойы аясында әр жылы дәтүрлі түрде өткізілетін жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Саналы ұрпақ» және Студенттік өзін — өзі басқару клубтарымен ұйымдастырылған «Адал-жас ұрпақ» атты қалалық патриоттық ән және мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға және жастардың бойында адалдықты көтермелеу болып табылады.
— Өнерлі ұрпақтың таланттарын тиімді пайдаланып білім жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралардың нығайтылуына ықпал ету.
— Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным және жүріс-тұрысын қалыптастыру, дамыту.
—Жемқорлықпен күресу — қоғамның және әр азаматтың ортақ ісі, ортақ міндеті екенін жастардың патриоттық сезімін арттыру болып табылады.
Байқаудың қорытындысы:
Мәнерлеп оқу номенациясы бойынша:
1. Зулкихар Нұрбек – І орын
2. Құралбекұлы Нұрбақыт – ІІ орын
3. Арыстанбек Ұлдана – ІІ орын
4. Джасузаков Оралбек – ІІІ орын
5. Ирасметов Акрам – ІІІ орын
Патриоттық ән номенациясы бойынша:
1. Нұрланұлы Қуаныш – І орын
2. Ким Павел — ІІ орын
3. Ансамбль «Аккапелла» — ІІ орын
4. Сағындық Қалтай — ІІІ орын
5. Мұсабай Райымбек – ІІІ орын
6. Дуэт «Самға» — ІІІ орын