Ғалымдар бір күн ұйықтамасаңыз, миға не болатынын анықтады

6627

Германия, Дания және Швейцария ғалымдарының халықаралық тобы 24 сағаттан артық ұйықтамаса, сау адамның миы 1-2 жасқа бірден қартаятынын анықтады. Сонымен қатар, мұндай ауыр зардаптарды болдырмау үшін бір түнде 3 сағат ұйықтау жеткілікті болады.

«Ұйықтамау адам миына бірнеше деңгейде әсер етеді. Ұйқының сапасының нашарлауы — қартаюдың жалпы белгісі. Керісінше, ұйқының бұзылуы қартаю процесін тездетуі мүмкін», — делінген зерттеу нәтижелері Neuroscience ғылыми журналында жарияланған.

Сонымен, ғалымдар ұйықтаамай бір күн жүру мидың күйіне қалай әсер ететінін, сондай-ақ күініне 3 — 5 сағаттан 5 күн бойы ұйықтаса не болатынын зерттеген.

Бұл экспериментке 19 бен 39 жас аралығындағы 134  ерікті қатысты. Олар 1 күн бойы ұйықтамағасын, миын МРТ-дан тексерткен. МРТ-дағы құрылымдық және метаболикалық өзгерістер деректеріне сәйкес, ми бірден 1-2 жасқа қартайған. Сонымен қатар, егер содан кейін ұйықтаса, мидың шартты жасы бастапқы қалпына оралған. Яғни, орын алған өзгерістер қайта орнына келген.

Зерттеушілер ұйқы әсерінің басқа да ерекшеліктерін байқады. Сонымен, егер қатысушылар тек 3 сағаттық түнгі ұйқымен шектелсе, МРТ ми жасындағы елеулі өзгерістерді байқамады. Қатысушылар 5 күн қатарынан түнде 5 сағат ұйықтаса да болған жоқ.

Сомнолог, профессор Роман Бузуновтың айтуынша, нәтижелер тіпті ең аз ұйқының өзі денеге аздап қалпына келуге және ұйқыдан бас тартудың ықтимал асқынуларын азайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді. Дегенмен, денеңіздің мүмкіндіктерін теріс пайдаланбаңыз, олар шексіз емес. Сомнолог тіпті егер ұйқысыз бір күн миды 1-2 жылға қартайтса, ұйқысыз 10 күн оны теориялық тұрғыдан 20 жасқа қартайтады деп есептейді.

«Бұл саналы түрде ұйқыны шектеуге тырыспауымыз керек дегенді білдіреді. Мысалы, өздеріне тәжірибе жасайтын кейбір адамдар «мен аз ұйықтаймын және көп жұмыс істеймін» деп ойлауы мүмкін. Мұның соңы жақсылыққа әкелмейді», — дейді сомнолог өзінің YouTube арнасындағы жаңа зерттеу нәтижелеріне түсініктеме беріп.

Айта кетейік, бұған дейін сомнолог ұйықтар алдында сериал көру неліктен пайдалы екенін түсіндірген болатын.

massaget.kz