Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын ойсырата жеңді

1658

Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (26-0, 19 КО) титулдық жекпе-жек өткізіп, мексикалық қарсыласын жеңді деп хабарлады Stan.kz.

Жанқош Тұраров жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте мексикалық боксшы чемпион мәртебесіне ие болғанымен, қазақстандық айқын фаворит саналды.

Жекпе-жек он екі раундқа есептелген және Жанқош Тұраровтың жеңісімен аяқталды. 10-раундта Алехандро Менесес әрі қарай жұдырықтасудан бас тартты.

Жанқош Тұраров кәсіпқой мансабындағы 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем белбеуінің иегері атанды. Алехандро Менесес кәсіпқой бокста алтыншы рет жеңіліске ұшырап, титулынан айырылды.