Басты Шымкент Шымкентте «Керуендер оралады» инвестициялық-кәсіпкерлік форумы басталды
Үшінші мегаполисте электронды коммерция мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту қолға алынуда. Бұл туралы қалада басталған Silkway Shymkent Summit алаңында кеңінен талқыланбақ.
Форумды қала әкімі Ғ.Әбдірахымов ашып, «Шымкент қаласының инвестициялық-кәсіпкерлік климаты» тақырыбында баяндама жасады.
Қала және еліміздің экономикасы үшін маңызды оқиға – «Керуендер оралады» инвестициялық-кәсіпкерлік форумы белгілі бизнесмендердің басын бір арнаға қосып отыр.
Қазақстандық танымал кәсіпкерлер Айдын Рахымбаев, Райымбек Баталов, Серік Түлбасов, Исламбек Салжанов, Эдуард Ким, Андрей Лаврентьев, Рамиль Мухоряпов, Иван Каменский, Қайрат Құдайберген, Бейбіт Әлібеков, Арманжан Байтасов, Ларион Лян, Дана Орманбаева, Қайрат Мажибаев және Махмуд Шадиев өздерінің тәжірибелері мен бизнесті дамыту стратегияларымен бөліседі.
«Shymkent» ӘКК» АҚ және Forbes Kazakhstan ұйымдастырған форумға Шымкент қаласының әкімдігі қолдау көрсетті.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ