ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛЫП, ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

125
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті. Қабылдауды Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ғани Ташқараев жүргізіп, тұрғындардың көтерген мәселелерін тыңдап, тиісті түсіндірмелер берді.

Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері негізінен құқықтық және әлеуметтік бағыттағы жәрдемге қатысты болды. Мәселен, Байтуған көшесінің тұрғыны өзінің негізгі ұлты өзбек екенін, алайда белгісіз себептермен жеке куәлігінде ұлты “қазақ” деп жазылып кеткенін айтты. Құжаттағы бұл деректі өзгерте алмай жүрген тұрғын аталған мәселеге байланысты көмек сұрады. Ғани Ташқараев бұл жағдайды заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, алдымен мұрағаттардан тиісті құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға ресми түрде өтініш беру қажет екенін айтты. Сонымен қатар, бұл мәселенің уақытында шешілуіне партия тарапынан толық қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Сондай-ақ, Қазына көшесінің зейнеткер тұрғыны көршісінің үйіне кіріп-шығатын жолды жауып тастағанын айтып шағымданды. Тұрғын бұл мәселені реттеп, жолдың қайта ашылуына ықпал етуді сұрады. Комиссия төрағасы бұл даулы мәселенің екі тараптың өзара келісімі арқылы шешілуі керектігін айтып, алдағы уақытта тиісті шаралар қолға алынатынын жеткізді. Ғани Ташқараев бұл мәселеге қатысты жақын арада бейбіт келіссөздер өткізіліп, қажетті құқықтық әрекеттер жасалатынын түсіндірді.

Қабылдау барысында тұрғындар партияның көмегімен құқықтық сауаттылықтарын арттырып, өз мәселелерін шешу жолдарын түсіндірді. Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері азаматтардың өтініштеріне жауапты қарап, оларды заңды түрде қорғауға дайын екенін мәлімдеді. Жұмыстарды одан әрі жетілдіру мақсатында қабылдау барысында ұсыныстар мен пікірлер алынып, алдағы уақытта да азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болды.

Жалпы қабылдау барысында әрбір тұрғынның мәселесі мұқият қаралып, заң шеңберінде жауаптар берілді. Партиялық бақылау комиссиясы азаматтардың өтініштеріне бейжай қарамай, әрбір шағымның шешілуіне ықпал етуді басты назарда ұстап келеді. Партияның жұмысы азаматтардың мәселелерін уақытылы шешуге және қоғамдық мәселелердің оң шешім табуына ықпал етуге бағытталған.