«50-100 мың…» Депутаттар әр адамға қанша айлық жетеді дегенге пікір білдірді

936

Парламент қабырғасындағы депутаттар еліміздегі еңбекақы мөлшері қанша болуы керек деген сауалға пікір білдірді. Тіпті бір адамның жеткілікті өмір сүруіне қанша теңге жететінін де айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Онда депутаттардан айлық мәселесі бойынша пікір жиналған. Негізгі сұрақ: Қазақстанда бір адамның өмір сүруі үшін айлығы қанша теңгені құрау керек деген бағытта.

Мәжіліс депутаты Снежана Имашева әр адам жақсы өмір сүру үшін кемі 1 миллион теңге төленуі керек дегенді айтса, депутат Серік Ерубаев 50-100 мың теңге жетеді деп таңғалдарды. Тіпті бұл сұраққа жауап бергендер қатарында Айқын Қоныров, Ләззат Рамазанова, Генадий Шиповских, Жанарбек Әшімжан да бар. Олардың бірқатары 250-300 мың теңге аралығындағы еңбекақы ең жақсы төлем мөлшері дегенді алға тартса, өзгелері нақты цифрлар айтудан бас тартқан.

Десе де, бұл бейнежазбаға байланысты жазылған пікір көп. Басым бөлігі сол депутаттарға 100-200 мың айлықпен өмір сүргізіп көру керек дегенді қозғауда.

200 мың айлықпен өмір сүргізіп көру керек дегенді қозғауда.