Франция Англияны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

1644

Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алған командалардың тізімін Франция құрамасы толықтырды, деп хабарлайды Экспресс К.

«Аль-Байт» стадионында өткен ширек финалда қос команданың арасындағы бәсеке 2:1 есебімен аяқталып, Дидье Дешамның шәкірттері жеңіске жетті.

Бұл матчтың 17-минутында алғашқы голды жартылай қорғаушы Аурельен Чуамени салды. Үзілістен кейін ағылшын Харри Кейн пенальтиді гол соғып, есепті теңестірді. Одан кейін қарсылас команданың ойыншысы Оливье Жиру де қақпаға доп салып, Францияны екінші рет алға шығарды.

Осылайша, Франция құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып отыр. Енді Дидье Дешамның шәкірттері Марокко командасымен кездессе, Хорватия Аргентинамен сайысқа түседі. Аталған ойындар 13-14 желтоқсанда өтеді.