Марокко құрамасы Португалияны үйіне қайтарып, сенсация жасады

732

Марокко құрамасы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті. Ол 1/4 финалда Португлияны 1-0 есебімен жеңіп, жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Экспресс К.

Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты тағы бір сенсацияны тіркеді. Көп ел күтпеген жағдайды Марокко құрамасы жасады. Ол Португалияны 1-0 есебімен ұтып, жартылай финалға өтті.

Әлем чемпионаты
Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты тағы бір сенсацияны тіркеді

1-ші таймда алғашқы әрі осы матчтағы жалғыз голды Юссеф Эн-Несири салды. Португалия бұл кездесуде есепті теңестіруге қанша тырысқанымен гол салудың сәті түспеді.

Әлем чемпионаты
Марокко құрамасы Португалияны үйіне қайтарып, сенсация жасады

Айтпақшы, Марокко әлем чемпионатының 1/2 финалына өткен алғашқы мұсылман командасы. Ол енді Англия-Франция құрамаларының қай жеңгенімен жолығады

Марокко
Марокко әлем чемпионатының 1/2 финалына өткен алғашқы мұсылман командасы

11 желтоқсанда түнгі сағат 01:00 -де Англия Францияға қарсы ойнайды.