Берт Хеллингер: Ақша – бәрімізге өмір сүру үшін берілетін төлем

1291

Берт Хеллингер – неміс философы, теолог және психотерапевт.

Берт Хеллингер әлемге қалай танылды?

Өмірдің ауыр сынағына төтеп беруіне тура келген әйгілі психолог «Hellinger шоқжұлдыздары» әдісінің негізін салды. Оны әлемдегі барлық терапевт қолданады. Хеллингердің айтуынша оның әдісі кез келген аурудың емін табуға, бақыт пен сәттілікке, ата-баба қарғысынан арылуға, сананың жетілуіне әсер етеді.

Бизнес тақырыбын арқау еткен автордың «Бизнес пен мамандықтағы жетістік тарихы» кітабынан қандай түйін шығаруға болады? Хеллингер қандай ойларын бөлісті?

Табыс – бұл өмір заңы

«Өз анасын жоққа шығарған адамнан өмір де бас тартады».

«Анаға деген қарым-қатынас кәсіп пен ақшаға деген қарым-қатынаста айқын көрінеді».

«Өмір махаббатпен тең. Өмірдің әрбір кезеңінде махаббаттың орны бөлек. Айналамыздағы адамдармен орнатқан байланыс – махаббаттың жеңісі».

Түйін: Адаммен дұрыс қарым-қатынас орната білуде махаббат маңызды рөл ойнайды.

Қызмет ететін ақша

«Кейбіреулер ақшаға жеккөрінішпен қарайды. Әсіресе ақшасы жоқ адамдар».

«Ақша – бұл өмір. Ол өмір сүруге мүмкіндік береді. Қалай ақша табамыз? Жұмыс істейміз. Демек ақша – бәрімізге өмір сүру үшін берілетін төлем».

«Ақша өмірге қызмет етеді. Егер біреудің қара термен тапқаны бізге пайдасын тигізсе, еңбегіне сәйкесінше ақы төлеуге міндеттіміз».

Түйін: Біреудің ақысын жемеңіз. Ақша дамуға мотивация беретін күшке ие.

Мамандық

«Кәсіпке адал болған жағдайда ғана нағыз өмірді сезінеміз».

«Бойда бар қабілет анадан беріледі. Перзентінің қолынан келмеген істі анасы да атқара алмағанын білдіреді».

«Ананы құрмет пен сүйіспеншілікке бөлеген адам кәсібінде де жетістікке жетеді».

Түйін: Ананы құрметтеу – жетістікке жетудің басты заңдылығы.

Жұмыс

«Жұмыс істеуіміздің бірінші себебі – өмірлік қажеттілік. Ал жұмыстың ойдағыдай болуына қуанышты сәттер әсер етеді. Қуанышты сезінген адамның жұмысы өнімді болады».

«Өмірден түңілген адам жұмыстан да ләззат алмайды. Еркіңнен тыс атқарылған жұмыстан пайда болмайды. Ол құлдықпен тең».

«Өмір үнемі қозғалыста болуды талап етеді. Сүйіспеншілікке толы жұмыс әрқашан ойдағыдай шығады».