Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырыумен Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Желеуов Дастан «Исламдағы отбасылық құндылықтар» тақырыбында «Парасат» колледжінің студенттеріне дәріс өткізді.
Отбасы құндылықтары жөнінде сабақ боларлық насихат айтып, қасиетті Құран аяттары және Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірі мен өсиеттерінен үлгі көрсеткен имамдар насихаты дәріске қатысушылар үшін орны бөлек азық болды.