Шымкентте Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

1247
200-ден астам ардагер жиналған мерекелік дастарханда Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов майдангерлерді Отан қорғаушылар күні мерекесімен және Ұлы жеңістің 74 жылдығымен құттықтады.
– Бір-бірімен қатар келетін қастерлі мерекелер қарсаңында сіздердің қайсарлықтарыңыз бен ерліктеріңізге құрмет көрсете отырып, алғыс айтамыз! Келер ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлерінің ерлігін бағалау – біздің парызымыз. Біз – ардагерлерімізді ардақтап, қарттарымызды қадірлейтін халықпыз. Ардагерлерге деген құрметіміз олардың ерліктерінен кем түспеуі тиіс, — деді қала әкімі.
Көпшілік келер ұрпаққа бейбіт өмірді тарту еткен, ерен ерлігі әрқашан үлгі қаһарман сарбаздарды еске салды. Мерекелік жиын барысында Шымкент қалалық басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары 54 майдангерге теледидар сыйласа, «Shymkent» ӘКК қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын аудармақ.
Мерекелік кеште сөз алған қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамуддин Ырысбай қаладағы 54 ҰОС ардагеріне 252 мың 250 теңгеден, ал 4276 тыл ардагерге 12 мың теңге көлемінде сыйақы берілетінен мәлімдеді. Салтанатты жиында сұрапыл қантөгісте ерлік көрсеткен азаматтар майдандағы естеліктерімен бөлісті. Ардагерлер құрметіне мерекелік дастархан жайылып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ